Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңістен кейінгі видеоны көрсетті

©Видеодан кадр

Қазақстан футбол федерациясы Еуро-2024 іріктеуіндегі Солтүстік Ирландияны ұтқан ұлттық құрама командамыздың шешінетін орындағы қуанышының видеосын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Құраманың бас бапкері Магомед Адиев футболшыларға жалынды сөздер айтып, мінездері және биікке ұмтылыс үшін мақтап қойды. 

"Бұл жерде ештеңе айтпай-ақ қою керек те шығар, бәрі былай да түсінікті. Біз өз аргументтерімізді алаңда көрсетеміз. Ер адам, футболшы бос сөйлемейді, өз аргументтерін көрсетеді. Ал сендер кезекті рет өздеріңді көрсете алдыңдар. Үлкен дүние ешқашан оңай келмейді. Міне осылай келеді - тізе қан-жоса. Жеңіс осылай ғана келеді. Ал біз биікке ұмтылып жатырмыз. Осылай ғана керегімізді жұлып аламыз. Жігіттер, мінез бар. Кезекті рет соны көрсеттік", - дейді Адиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport