Футбол
11 қазан 2019 12:07

Қазақстан құрамасы ресми түрде Еуро-2020 жарысына қатысу мүмкіндігнен айырылды

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 турниріне шығу мүмкіндігінен айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


I тобының жетінші турында Қазақстан өз алаңында Кипрден ұтылды - 1:2, ал Бельгия 9:0 есебімен Сан-Мариноны ойсырата жеңді, Ресей командасы Шотландияны ұтты - 4:0.

21 ұпай жинаған Бельгия құрамасы топта көшбасшы, екінші Ресей (18 балл) және Кипр (10). Қазақстан 7 ұпаймен төртінші келеді, бесінші - Шотландия (6), ал алтыншы орында - Сан-Марино, ол барлық алты матчте 0:37 көрсеткішімен келеді.

Осылайша, Бельгия Еуро-2020 жарысына мерзімінен бұрын шықты, өйткені Кипр қалған үш матчте де жеңіске жеткенімен ары барса 19 ұпай жинайды. Ал бұл жарысқа екінші жолдаманы Ресей келесі ойында-ақ иеленуі мүмкін.

Ал Қазақстан қалған үш матчте де ұтса да бары 16 ұпай ғана жинай алады. 

13 қазандағы сегізінші турда Қазақстан астанасының уақытымен 19:00-де "Астана Аренада" Михал Билек жаттықтыратын команда Бельгиямен ойнайды, ал 22:00-де Кипр - Ресей және Шотландия - Сан-Марино матчтері басталады.

Әр топтан Еуро-2020 жарысына екі команда шығады. Іріктеу кезеңі 19 қарашада. 2020 жылы наурызда Ұлттар лигасының шешуші матчтері өтеді, осыдан кейін Еуропа қалаларында 12 маусымнан 12 шілде аралығы өтетін Еуро-2020 қатысушылары анықталады.