Футболдан Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Eurostavka.ru порталы.
Дереккөздің ақпараты бойынша, екі тарап жолдастық кездесу өткізу туралы сөйлескен. Бірақ ҚФФ бұл идеядан бірден бас тартқан.
"Қазақстан футбол федерациясына жақын дереккөздің ақпараты бойынша, Ресей футбол одағы жолдастық кездесу өткізу туралы ұсыныс жасаған. Бірақ бұл тек әңгіме күйінде қалған. Қазақстан имидждік тұрғыдан бұл ойынның қалай әсер ететін қарастырған. Дегенмен соңында ҚФФ бұл ойыннан бас тартты.
Ал Өзбекстан футбол федерациясындағы дереккөз Ресей ойнайтын күндерге олардың басқа қарсылас іздегенін айтты. Себебі олар да Ресеймен кездесуге ниетті емес. Ал осыған дейін РФО қараша айында Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеген болатын.
Әзірбайжан футбол федерациясындағы дереккөз Ресеймен жолдастық ойынның болмайтынын хабарлады", - деп жазады басылым.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жуырда екі кездесу өткізеді. Тарқатып айтсақ, 22 қыркүйек күні Магомед Адиевтің шәкірттері Беларусь, ал 25 қыркүйек күні Әзірбайжан құрамасымен жолығады.