Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді. Championat.asia ақпараты бойынша бұл кездесу 16 қараша күні Ташкент қаласында өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Осы уақытқа дейін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара 6 кездесу өткізген. Екі мәрте Өзбекстан құрамасы жеңіске жетсе, бір рет Қазақстанның мерейі үстем болған. Үш ойын тең аяқталған. Соңғы рет бұл командалар 2007 жылы "Алма ТВ" кубогінде жолығып, 1:1 нәтижесі тіркелді. Ол кезде біздің құраманың өкілдері төрешінің жұмысына көңілі толмады. Себебі ол ойында Анвар Салиев қызыл қағаз алды", - деп жазады өзбекстандық портал.