Футолдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы (U16) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Talents Cup турнирінде Өзбекстан құрамасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу қазақстандықтардың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды Алижан Зару соқты.
22 наурыз күні қазақстандық жасөспірімдер Қырғызстан құрамасына қарсы алаңға шығады. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 15:00-де басталады.
Ал 24 наурызда Ерлен Бекмұхаев шәкірттері Тәжікстан құрамасымен кездеседі. Матч 13:00-де басталады.
Жарнама