Қазақстан құрамасы мен "Астананың" экс-бапкері Түркияның 28 дүркін чемпионын жаттықтыруы мүмкін

Сурет: Reuters
Футолдан Қазақстан құрамасы мен "Астана" клубының бұрынғы бапкері Станимир Стойлов түркиялық "Фенербахче" командасын жаттықтыруы мүмкін, - деп  хабарлайды Futbol Arena порталы Fanatic басылымына сілтеме жасап.

Ыстамбұлдық клубтың хатшысы Хасан Чолокоглу атқарушы директор Селахаттин Бакыға болгариялық маманды ұсынған. Стойловтың өзі де 1992/93 маусымында "Фенербахче" сапында ойнаған екен. 

Айта кетейік, Түркия чемпионаты да коронавирус пандемиясы салдарынан тоқтап тұр. Бұл үзіліске елдің 28 дүркін чемпионы "Фенербахче" жетінші орында шықты, ал үшінші мамырда бас бапкер Эрсун Яналмен қоштасты.