Қазақстан құрамасы маусымдағы жолдастық кездесуін кіммен және қашан өткізетіні белгілі болды

Фото: КФФ©

Футболдан Қазақстан құрамасы Косовоға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. 

Екі ел федерациялары матчтың Косовода өтуі туралы келісімге келген. Ойын 4 маусым күні Приштин қаласындағы "Фадиль Вокри" стадионында өтеді.

ФИФА рейтингінде косовалықтар 120-шы орында. 2016 жылдың мамырында Косово ресми түрде УЕФА мен ФИФА қатарына қабылданған. 

Косово ел құрамасының 69-шы, оның ішінде 40-шы еуропалық қарсыласы болмақ.

2018 жылдан бері бұл құраманы швейцариялық маман Бернар Шалланд жаттықтырады.

Осыдан бұрын Талғат Байсуфинов шәкірттері 7 маусымда тағы бір жолдастық кездесу өткізетіні туралы ақпарат шыққан болатын. Алайда екінші кездесудегі қарсылас туралы әлі ресми дереккөз ақпараты шыққан жоқ.