auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы Македониядан ойсырай ұтылуына не себеп болды? Жіберген қателерге көз жүгіртейік

Қазақстан құрамасы Македониядан ойсырай ұтылуына не себеп болды? Жіберген қателерге көз жүгіртейік
Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Талғат Байсуфиновтың жетекшілігімен алғашқы жолдастық кездесуін Скопье қаласында өткізді. Әрине ойынның есебі баршаға мәлім. Ал әлемдік рейтингте небәрі 62-ші орында тұрған «қызыл арыстандардан» ойсырай ұтылудың себебі неде? Осы сұраққа Vesti.kz тілшісімен бірге жауап іздеп көрейік.

Қазақстан құрамасы алғашында оқу-жаттығу жиындарын Нұр-Сұлтанда 10 күн өткізіп, артынша Косоваға ұшуы тиіс болған. Кейін келіссөздер нәтижесінде Косовомен болатын ойын өтпейтіні турасында ҚФФ ресми сайтында жарияланды.

Косоводан кейін маусымның 7-ші жұлдызы екінші ойын Мальта құрамасына қарсы Австрия жерінде өтуі керек еді. Алайда Австрияның Қазақстандағы елшілігі Еуропалық ел аумағына виза беруден бас тартты. Елшіліктің берген жауабы – екі елде де коронавирус пандемиясының өршіп тұруымен байланыстырған. Осылайша жоспарланған екі ойын да өтпеді.

Нәтижесінде Солтүстік Македония футбол федерациясымен келісу арқылы жолдастық матч өтетін болды. Осы орайда бапкерлік штабтың дайындығы аздық етті. Себебі, қарсылас белгілі болған соң зерттеу жұмыстары басталады. Осал және мықты тұстары қарастырылады. Бұл жерде кездесуге жауапты менеджерлердің жіберген қатілігін атап өтуге болады. ФИФА жолдастық ойындарды өткізуге рұқсат берген күннен бастап жауапты адамдар мұндай олқылықтардың алдын алуы тиіс еді.

Нұр-Сұлтандағы оқу-жаттығуға шақырту алған қақпашы Дмитро Непогодов, Еркебұлан Тұңғышбаев пен Олжас Керімжановтар медициналық тексерістің нәтижесі бойынша жолдастық ойынға толыққанды дайын болмай шықты. Абат Айымбетов пен Артур Шушеначев те жарақатына байланысты негізгі командаға қосыла алмады. Ал Алексей Щеткин Ресей чемпионаты мамыр айында аяқталғандықтан, екі апта доп теппегені белгілі еді.

Сондай-ақ, Солтүстік Македониядағы Қазақстан елшілігі ағаттық жіберген. Өкінішке қарай Балқан түбегінде қызмет ететін елшілік өкілдері ұлттық құраманың Скопьеге ұшып келетінін біле тұра әуежай қызметкерлеріне алдын ала ескертпеген. Ресми делегацияны күтіп алмаған. Соның салдарынан онсыз да бірнеше сағат ұшып келген "қаршығалар" әуежайда бес сағат отыруына мәжбүр болған. Әрине мұндай факторлардың барлығы ойыншылар мен бапкрелердің психологиясына әсер ететіні сөзсіз.

Бұл тек жолдастық ойын ғана. Келесі аптада Еуропа чемпионаты мен Копа Америка турнирі басталғанда жанкүйерлер де бұл ойынды көрген түстей ұмытып кетері анық. Алайда осындай факторлар команданың имиджіне һәм нәтижесіне әсер ететінін ескерген жөн.

Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы 2022-ші жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларымен D тобында ойнайды. Елордада Франциядан 0:2 есебімен есе жіберсе, сырт алаңда Андрей Шевченко баптайтын Украина футболшыларымен 1:1 нәтижесімен тең түсіп, 1 ұпаймен соңғы орында тұр. Келесі ресми матч қыркүйек айының 1-ші жұлдызына жоспарланған. Жерлестеріміз білім күні Украинадан емтихан қабылдайды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама