auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы қатысатын Ұлттар Лигасының күнтізбесі шықты

Қазақстан құрамасы қатысатын Ұлттар Лигасының күнтізбесі шықты
©kff.kz

Маусым айында Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа бас бапкер Магомед Адиевтің басшылығымен УЕФА Ұлттар Лигасының 2022/23 жылғы жаңа маусымын бастайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандықтар Словакия, Әзірбайжан және Беларусь командалары қарсылас болатын 3 "С" дивизионына түсті.

2022 жылғы футбол күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты біздің құрама маусым айында төрт матч өткізеді – екеуі өз елімізде және екеуі сырт алаңда.

Сонымен 3 маусымда Қазақстан Ұлттар лигасын Әзірбайжан құрамасына қарсы матчпен өз елімізде бастайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді.

Үш күннен кейін біздің команда сырт алаңда Словакиямен ойнайды. Матч Трнава қаласындағы "Антон Малатинский" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 00:45 басталады.

10 маусым күні қазақстандықтар үшінші матчын Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. УЕФА Атқару комитетінің шешімімен ойын бейтарап аумақта Сербияның Нови-Сад қаласындағы "Караджорже" стадионында өтеді. Өкінішке қарай, стадионнан ойынды тамашалауға жанкүйерлерге тыйым салынған. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні сағат 00:45-те басталады.

13 маусымда біздің команда Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің маусым кезеңін Словакияға қарсы үйдегі кездесуімен аяқтайды. Матч елорда уақытымен 20:00-де "Астана Аренада" басталады.

Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің қорытынды ойындары күзде болмақ. 22 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасын қабылдайды, ал үш күннен кейін біздің команда сырт алаңда Әзірбайжан құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасының барлық матчтарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан құрамасының 2022/23 жылғы күнтізбесі:

"С" лигасы, 3-топ

1-тур

03.06.2022

Қазақстан – Әзірбайжан- 20:00

"Астана Арена", Нұр-Сұлтан.

 

2-тур

07.06.2022

Словакия – Қазақстан - 00:45

"Антон Малатинский" Стадионы, Трнава, Словакия.

 

3-тур

11.06.2022

Беларусь – Қазақстан - 00:45

"Караджордже" Стадионы, Нови-Сад, Сербия.

 

4-тур

13.06.2022

Қазақстан – Словакия - 20:00

"Астана Арена", Нұр-Сұлтан.

 

5-тур

22.09.2022

Қазақстан – Беларусь - 20:00

Өткізу орны кейін анықталады.

 

6-тур

25.09.2022

Әзірбайжан – Қазақстан - 22:00

Өткізу орны кейін анықталады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама