Қазақстан құрамасы қатысатын Еуро-2024 іріктеуінің кестесі шықты

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарын қай уақытта өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қаршығалар Н тобында Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командаларымен кездеседі.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

23.03.2023 | 20:00
Қазақстан – Словения

26.03.2023 | 19:00
Қазақстан – Дания

16/17.06.2023 | 00:45
Сан-Марино – Қазақстан 

19/20.06.2023 | 00:45
Солтүстік Ирландия – Қазақстан

07.09.2023 | 20:00
Қазақстан – Финляндия

10.09.2023 | 19:00
Қазақстан – Солтүстік Ирландия

14/15.10.2023 | 00:45
Дания – Қазақстан

17/18.10.2023 | 00:45 
Финляндия – Казақстан

17.11.2023 | 20:00
Қазақстан – Сан-Марино

20/21.11.2023 | 00:45
Словения – Қазақстан

*Ойындар Астана уақытымен өтеді.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне топтан 1-2 орын алған құрамалар тікелей жолдама алады. Соңғы үш команда 2024 жылы өтпелі матчтар нәтижесі бойынша кәрі құрлық турнирінде ойнауға мүмкіндік алады.

Еуро-2024 бәсекесі маусым айының 14 мен шілде айының 14 аралығы Германияның 10 қаласында өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: