Футболдан Қазақстан құрамасы мен қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков жарақатына байланысты үш немесе төрт апта ойынға қатыса алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
32 жастағы футболшы "Ақжайықпен" өткен кездесу барысында сіңірін созып алды.
Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласында ем қабылдауда.
Осыған байланысты Мужиков Ұлттар лигасы Молдоваға қарсы тоғыспа кездесуге қатыса алмайтын болды.
Аталған кездесу 24 және 29 наурызда өтеді.