Қазақстан құрамасы жаңартылған ФИФА рейтингінде төрт саты жоғарылады

16 қыркүйек 2021 14:44
©ҚФФ

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ұлттық құрамалар арасында қыркүйек айының жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151.18 ұпай бар. 

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасымен 2:2 есебімен тең тарқасты. 

Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) тұр. Екінші орында Бразилия (1811) болса, үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: