auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы Грекияны жеңіп, тұңғыш рет Гранаткин Мемориалы финалына шықты

Қазақстан құрамасы Грекияны жеңіп, тұңғыш рет Гранаткин Мемориалы финалына шықты
© Гранаткин Мемориалы ресми сайты
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (18 жасқа дейін) Санкт-Петербургтегі Гранаткин Мемориалы финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда Александр Кузнецовтың командасы бүгін, 18 қаңтарда Грекияны 2:1 есебімен жеңді. 

Қазақстан құрамасының сапында Айдос Орал дубль жасады. Команда капитаны 18-ші минутта 11 метрлік айып добын сәтті орындады, ал 49-шы минутта екінші голды соқты. Грек командасында жалғыз голды 58-ші минутта шабуылшы Гиоргос Цоврас салды.

Екінші голды Қазақстан құрамасы аз құрамда соқты. Себебі 42-ші минутта екінші сары қағаз алған хавбек Жанали Пайруз алаңнан шығарылған еді. Ол осы турнирде екі гол соққан. 

Осылайша Қазақстан құрамасы Гранаткин Мемориалы финалына шықты. Ақтық кездесу 21 қаңтарда өтеді, ойын Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады. Ал өз кезегінде гректер үшінші орынға таласады.

Финалда Қазақстанға қарсы ойнайтын команда Ресей мен Санкт-Петербург құрамаларының бүгінгі ойынында анықталады. Бұл кездесу бүгін Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады.

Гранаткин Мемориалы финалына шығу - Қазақстан құрамасының осы турнирдегі ең үздік нәтижесі. 2012 және 2014 жылдары қазақстандықтар соңғы, 16-орын, ал 2015 жылы 14 команданың ішінде 10-орын алған еді.

Валентин Гранаткин Мемориалы турнирі 1981 жылдан бері ФИФА-ның бірінші вице-президентінің құрметіне өткізіліп келеді. Турнирге 16 команда қатысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама