Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский "Беерсхот" үшін кезекті матчке қатыса алмады, дегенмен, оның командасы "Ломмель" клубын ұта алды (2:1), - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Беерсхот" сапында шабуылшы Мариус Нубисси дубль жасады. Осылайша, бельгиялық клуб тағы үш ұпай жинап, екінші дивизион көшбасшысы "Вестерлодан" тоғыз балл қалып келеді.
Вороговский 8 ақпанда өткен "Руселареге" қарсы ойында жарақат алған. Осыған байланысты бірнеше матчке қатыспады. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қайраттың" бұрынғы футболшысы алаңға жақын күндері шығады.
Бельгия чемпионатының биылғы маусымында Вороговский 17 матчте, бір гол салып, төрт сары қағаз алды.
Жарнама