Қазақстан құрамасы Франциямен ойынға тағы бір мықты ойыншыны алып бара алмайды

©ҚФФ

Польшалық "Всила" мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Франциямен ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

"28 жастағы хавбек жарақат салдарынан Қазақстан құрамасына қосыла алмайды. "Висла" ойыншысы тізе жанының сіңірін созып алып, екі апта ойнамайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қоса, 13 қараша "Парк Де Пренс" стадионында өтетін матчке Талғат Байсуфинов мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов пен "Қайрат" қорғаушысы Ян Вороговскийді алып бара алмайды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы алда тек Францияға қарсы сырт алаңда ғана емес, 16 қараша "Астана Аренада" Тәжікстанмен кездесу өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport