Футбол
17 қазан 19:30

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде үш саты жоғарылады

©

Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Талғат Байсуфиновтың шәкірттері үш сатыға көтеріліп, 115-орынға тұрақтады.

Қазан айында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі кездесу өткізді: 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, үш күннен кейін Солтүстік Македониямен сырт алаңда сенсациялық 1:1 есебімен тең түсті.

Рейтинг көшін Испания бастап тұр. Сонымен қатар Аргентина, Нидерланд, Италия және Германия құрамалары өз көрсеткіштерін жақсартқан. Ал Франция мен Бразилия, керісінше, біршама төмендеген.

17 қазан күнгі ФИФА рейтингі:

1. Испания – 1880.76
2 (+1). Аргентина – 1872.43
3 (-1). Франция – 1862.71
4. Англия – 1824.3
5. Португалия – 1778
6. (+1). Нидерланд – 1759.96
7. (-1). Бразилия – 1758.85
8.Бельгия – 1740.01
9. (+1). Италия – 1717.15
10. (+2). Германия – 1713.3

…115 (+3). Қазақстан – 1168.47

Келесі рейтинг 21 қарашада жарияланады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін 15 қараша күні Астанада Бельгияға қарсы өткізеді. Қазіргі таңда бельгиялықтар 14 ұпаймен J тобында көш бастап тұр, ал Қазақстан 7 ұпаймен төртінші орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport