Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 11 саты жоғарлады

©ҚФФ

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 11 саты жоғарылаған. 

Жаңа рейтингте Қазақстан құрамасы 125 орыннан 114 орынға көтеріліпті. 

Еске салайық, маусым айында Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы төрт кездесу өткізді. Оның үшеуінде біздің құрама жеңіс жетсе (Әзірбайжан (2:0), Словкия (1:0), 2:1), біреуінде тең түсті (Беларусь (1:1). 

Жаңартылған ФИФА рейтингі: 

1. Бразилия – 1838 ұпай

2. Бельгия – 1822

3. Аргентина – 1771

4. Франция – 1765

5. Англия – 1737

6. Испания – 1717

7. Италия – 1714

8. Нидерланды – 1680

9. Португалия – 1679

10. Дания – 1665

…114. Қазақстан – 1166

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар