Қазақстан құрамасы Еуроға жолдамаға таласу үшін Афиныға жетті

©instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф аясында Грекиямен мачт өткізу үшін Афиныға келіп жетті, деп жазады Vesti.kz.

Екі құрама арасындағы ойын наурыздың 22-не қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады. Ұтқан команда финалда (26 наурызда) өзге жартылай финалдық Грузия - Люксембург арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. 

Ал финалда жеңіске жеткені 14 маусым мен 14 шілде аралығы Германияда өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport