Қазақстан құрамасы Еуродағы шешуші матч алдында жақсы жаңалықтан құлақдар болды
Нидерланды билігі 26 қаңтардан бастап қарапайым көрермендерге іс-шараларды, соның ішінде, спорттық жарыстарды барып тамашалауға рұқсат берді, деп хабарлайды Futsal legends телеграм арнасы.
Нидерланды билігі 26 қаңтардан бастап қарапайым көрермендерге іс-шараларды, соның ішінде, спорттық жарыстарды барып тамашалауға рұқсат берді, деп хабарлайды Futsal legends телеграм арнасы.
Енді жанкүйерлер футзалдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің ширек финал, жартылай финал және шешуші матчтерін залда тамашалай алады.
"Мынау ғажап жаңалық. Біз үкімет жеңілдіктер жасайтынына үнемі үмітті болдық. Енді көреремендер үшін есік ашық. Бұл жанкүйрелер үшін тамаша жаңалық, олар Еуро-2022 турнирін жақынан тамашалай алады. Сондай-ақ, бұл командалар, қызметкерлер мен ұйымдастырушылар үшін де жақсы жаңалық. Енді шектеулі болса да, келушілерге есік аша аламыз", - дейді турнир директоры Гейс де Йонг.
Жарнама