Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуіндегі шешуші матчтерге дайындығын бастады

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі маңызды ойындарға іріктеуді бастады. 

Қараша айында Магомед Адиев шәкірттері екі ойын өткізеді. 17 қараша күні "Астана Аренада" Сан-Мариномен ойнаса, ал араға 3 күн сала сырт алаңда Словениямен ойнайды.

Құраманың оқу-жаттығу жиындары Астана қаласында өтеді. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады.

 

Жиын туралы айта кететін жаңалықтар:

• Бапкерлер штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына "Ордабасыдан" Максим Федин шақыртылды.

• Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бекхан Шайзада, Бағдат Қайыров жаттығу жұмыстарына ертең қосылады.

• Абат Айымбетов, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Александр Заруцкий, Ян Вороговский, Владислав Прокопенко УЕФА Конференциялар лигасының матчынан кейін құрамға қосылады.

• Самат Жарынбетов жарақатына байланысты ұлттық құрамаға келмеді.

• Бақтиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Лев Скворцов, Александр Зуев ұлттық құрамаға 12-13 қараша күндері қосылады.

 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы "Н" тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпаймен 3-орында келеді. Көш басында 19 ұпай жинаған Словения мен Дания құрамалары тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport