Футбол
8 қазан 09:02
 

Қазақстан құрамасы Дастан Сәтбаевқа қатысты жағымсыз хабар алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы Дастан Сәтбаевқа қатысты жағымсыз хабар алды ©Vesti.kz/Болат Айтмолда

Алматылық "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтбаев қазан айында жоспарланған 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтарда Қазақстан құрамасымен алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Алматылық "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтбаев қазан айында жоспарланған 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтарда Қазақстан құрамасымен алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, жас шабуылшы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеген. Себеп - шап жарақаты.

Айта кетейік, 5 қазан күні Сәтбаев Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген матчында талдықорғандық "Жетісуға" қарсы толық 90 минут ойнады. Бұл ойында "Қайрат" 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарып жатқан Талғат Байсуфинов қазан айында Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) өтетін матчтарға шақырылған футболшылардың толық тізімін жариялаған болатын. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

J тобының турнирлік кестесі:

Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)
Бельгия – 10 ұпай (4 матч)
Уэльс – 10 ұпай (5 матч)
Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)
Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!