Қазақстан құрамасы биылдыққа бірінші матчте жеңіске жетті

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Талғат Байсуфинов шәкірттері Андрей Карпович бастаған ҚПЛ легионерлері командасымен бақылау матчін өткізді. Түркиядағы оқу-жаттығу кезінде өткен кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.

Бірінші таймда ұлттық құрама мүшелері Асхат Тағыберген (5-минут) мен Оралхан Өміртаев (21-ші) бір-бір голдан соқты.

Екінші таймда легионерлер Кирилл Сидоренконың күшімен бір гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport