Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен екі жолдастық кездесу өткізеді

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы 19-20 қыркүйек күні Әзербайжан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Екі ойын Ақтау қаласындағы "Халық Арена" спорт кешенінде жоспарланған.

Бұл футзалдан 2024 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу ойындарына дайындық ойыны ретінде өтеді. Әлем біріншілігінің ірікткеу кезеңінде ұлттық құрама жігіттері 5-топта, Словения және Черногория ұжымдарына қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын 8 қазан күні Словения командасына қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар