Қазақстан құрамасы алғаш рет Италияда ойнайды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясындағы келесі ойынын Италияның Парма қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Youtube арнасындағы "ДНК футбола" бағдарламасында ұлттық команда капитаны Асхат Тағыберген айтып берді: 

"Сан-Мариноға қарсы Пармада ойнаймыз. Олар стадионды жауып тастады". 

Матч 16 маусымда өтеді. Қазақстан құрамасы бұған дейін ешқашан Италияда ойнап көрмеген екен. 

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Еуро-2020 жарысына іріктеу аясында Сан-Мариномен сырт алаңда ойнап, 3:1 есебімен ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport