Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласында өтіп жатқан Соккеден 2026 жылғы әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлем чемпионатындағы екінші жеңіс
H тобының екінші турындағы кездесуде Қазақстан құрамасы Түркияны 8:1 есебімен ойсырата жеңді.
Екі ойында – 21 гол
Еске салайық, турнирдегі алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Иракты 13:1 есебімен ұтқан болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екі кездесуде қарсыластарының қақпасына 21 гол соқты.
Турнирлік жағдай
Қазақстан құрамасы екі матчтан кейін алты ұпай жинап, H тобында көш бастап келеді.
Екінші орында – екі ұпайы бар Бельгия. Түркия мен Ирактың еншісінде бір-бір ұпайдан.
H тобы:
Қазақстан – 6 ұпай;
Бельгия – 2;
Түркия – 1;
Ирак – 1.
Жарнама