Футболдан Қазақстан құрамасы Хельсинкиге жетті. Ұлттық құрамамыз 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында 4 қыркүйек Финляндия командасымен матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл ойынға Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда Бахтиер Зайнутдинов пен Азат Нұрғалиевті алып келе алмады, футболшыларға виза жасалмады. Сонымен бірге, матчке Стас Покатилов та қатыспайды.
Еске салайық, Хельсинкидегі ойыннан кейін Қазақстан 7 қыркүйекте Босния және Герцоговина құрамасымен кездесу өткізеді.