Қазақстан құрамасы ӘЧ ширек финалисімен кездесуі мүмкін

©Sportbox.ru

Қазақстан құрамасы қараша айында Ресей футболшыларымен жолдастық ойын өткізуі мүмкін. Бұл туралы ҚФФ бас хатшысы Олжас Абраев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"БАӘ-ден бөлек 16 қараша күні тағы бір жолдастық өткізуді жоспарлап отырмыз. Әзірге қарсылас анықталмады. Қазіргі таңда көптеген елдің футбол федерацияларымен келісіп жатырмыз. Солардың арасында Ресей құрамасымен де келіссөздер жүргізілуде", - дейді Абраев.

Еске салайық, қазіргі таңда Ресей құрамасы УЕФА-ның аясындағы барлық турнирден шеттетілді. Валерий Карпин жаттықтыратын ресейліктер қазірдің өзінде Еуро-2024 турнирінің іріктеуіне қатыса алмайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport