Қазақстан құрамасы ӘЧ-2022 іріктеу ойындары қарсаңында "Астаналық" көшбасшысынан айырылды

Абзал Бейсебеков. Сурет: "Астана" ФК ©

"Астана" клубының төрт бірдей ойыншысы коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы.

Дереккөз COVID-19 инфекциясына шалдыққандар қатарында Марин Томасов, Антонио Рукавина, Энео Битри және Абзал Бейсебеков бар екендігін айтады.

Барлық легионерлер өз елдерінде карантинде жатыр және ҚПЛ ойындары басталғанға дейін тіпті Қазақстанға жетіп те үлгермейді. Ал Бейсебеков болса Қазақстан құрамасының Украина, Финляндия, сондай-ақ Босния және Герцеговинаға қарсы матчтарына қатыса алмайды. 

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құраманың жетекшісі Талғат Байсуфинов те коронавируспен ауырып, матч алдында ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен еді. 

Қазақстан мен Украина құрамаларының арасындағы ойын бүгін, яғни 1 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Аренад өтеді. Басталуы елорда уақытымен сағат 20:00. Тікелей трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport