Қазақстан құрамасы ӘЧ- 2022 аясындағы Франциямен ойын алдында жолдастық кездесу өткізеді

Сурет: Gagauzinfo.md

Футболдан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді,- деп хабарлайды KazFootball.kz

Кездесу Қазақстан астанасында 24 наурызда өтеді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы кейінгі үш матчті Алматыдағы Орталық стадионда ойнаған.

28 наурызда Қазақстан командасы 2022 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсете бастайды. Бірінші кездесу өз алаңында Франциямен, ал 31 наурызда сырт алаңда Украина құрамасымен болады.