| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
10 маусым 14:35
 
Қазақстан құрамасы 2027 жылғы ӘЧ-ге іріктеудің плей-офф кезеңіне өтті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы 2027 жылғы ӘЧ-ге іріктеудің плей-офф кезеңіне өтті ©ҚФФ

Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама үшін күресін жалғастырып жатыр. Еуропалық іріктеу кезеңінің топтық сатысы қорытындысы бойынша Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық футболшылар өз іріктеу тобында екінші орынға ие болды. Бұл нәтиже командаға Еуропа аймағындағы іріктеу турнирінің плей-офф кезеңінің бірінші раундына шығуға мүмкіндік берді.

Енді Қазақстан құрамасын келесі кезеңнің жеребесі күтіп тұр. Дәл осы рәсім өтпелі матчтардағы қарсыласты анықтайды.

Плей-оффтың бірінші кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі 18 маусым күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

Айта кетейік, 2027 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңі Бразилияда ұйымдастырылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!