Қазақстан құрамасы 2022 жылы соңғы ойынын өткізді
Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қаршығалар" соңғы кездесуін БАӘ командасына қарсы ойнады. Әбу-Дабидегі кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
Матчтың 13-минутында Фабио Лима алаң иелерін есепте алға шығарды. Үзілістен кейін Абат Айымбетов таразы басын теңестіре алды. 62-минутта Тимур Досмағамбетовтың пасын Айымбетов голға айналдырды.
Ал 71-минутта Лима дубль авторы атанып, Біріккен Араб Әмірліктері құрамасы жеңіске жетті. Араға 8 минут салып Александр Марочкин тәртіп бұзған соң алаңнан қуылды.
Осылайша, Магомед Адиев ойыншылары қатарынан үшінші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр. Осыған дейін Ұлттар лигасы аясында Әзірбайжан құрамасына (0:3) және жолдастық кездесуде Өзбекстан командасына (0:2) есе жіберген еді.
Жарнама