Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріне дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда Украинада ойнайды. 4 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен, ал 7 қыркүйекте Босния және Герцеговинамен кездесу өткізеді.
"Қайрат", "Шахтер" және шетелдік клубтардағы ойыншылар ұлттық құрамаға кейінірек қосылатыны айтылды.