Қазақстан құрамамсының ойыншысы Еуропалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды

Георгий Жуков. © ҚФФ
Краковтық "Висланың" жаңа ойыншысы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық клубтағы ең қымбат футболшысы, - деп хабарлайды Vesti.kz

Transfermarkt.com мәліметінше, Жуковтың трансферлік құны 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр. Осылайша, қазақстандық "Висланың" ең қымбат ойыншысы атанды.

Бұл тізімде екінші Польша құрамасының хавбегі Якуб Блащиковски - миллион еуро. Үшінші жартылай қорғаушы Вулнет Баша, тарнсферлік құны 750 мың еуро. 

"Команда құрдымда, ол көмектеседі". Журналист Қазақстан құрамасы футболшысының польшалық клубқа ауысуы жайлы