Қазақстан кубогының үш дүркін финалисті Еуропа лигасында ойнаған командаға өтті

© "Атырау" ФК
Украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров қызылордалық "Қайсармен" келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды клубтың ресми сатйы.

30 жастағы Балитаров "Симферополь" клубының түлегі. Кейінгі үш маусымды "Атырау" сапында өткізген.

Атыраулық команда үшін Өзбекстан тумасы жалпы 74 матч ойнап, бес гол салған. Осы командамен ол үш рет Қазақстан кубогының финалына дейін жеткен. 

Қазақстанға келгенге дейін ол украиналық "Севастополь", "Буковина", "Оболонь-Бровар" мен "Черноморецте" ойнады. Сонымен бірге, Латвия чемпионатында "Даугава" сапында өнер көрсетті. Аблитаров Украинаның жастар құрамасы сапында бірнеше ойын өткізген.