Астананың "Жеңіс" командасы бірінші болып Қазақстан кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалда елорадылқ ұжым Көкшетаудың "Оқжетпес" командасын 3:2 есебімен ұтып шықты.
Ойынның есебі 14-минутта ашылды — қонақтар сапындағы жартылай қорғаушы Андрей Ульшин шабуылды сәтті аяқтап, өз командасын алға шығарды. Алайда алаң иелері көп күттірмей жауап қайтарды. 20-минутта Бектемір Абдуманнонов таразы басын теңестірді.
Екінші таймда астаналықтар ойын қарқынын күшейтіп, басымдықты өз қолына алды. 65-минутта қорғаушы Сағадат Тұрсынбай гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді.
83-минутта шабуылшы Элдер Сантана үшінші голды енгізді. Қосымша уақытта, 94-минутта, Тоқтар Жаңғылышбай бір гол айырмасын қысқартқанымен, "Оқжетпес" есепті теңестіруге үлгермеді.
"Жеңіс" ширек финалда "Ертіс" және "Қызылжар" командаларының ұтқанымен кездеседі.
Айта кетейік, бүгін, 29 қаңтар күні, Қазақстан кубогының 1/8 финал кезеңіндегі тағы төрт матч өтеді.
• "Ертіс" - "Қызылжар" (15:00)
• "Атырау" - "Жетісу" (16:00)
• "Астана" - "Тобыл" (18:00)
• "Қайсар" - "Қайрат" (20:00)
Жарнама