Қазақстан кубогының жартылай финалдық жұптары анықталды

28 қыркүйек 2021 15:38
©ҚФФ

Бүгін, 28 қыркүйекте футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, турнир финалына жолдама үшін "Астана" 1/4 кезеңдегі "Қайсар" мен "Қайрат" жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бірінші матчті алматылықтар 3:0 есебімен ұтқан.

Екінші жолдама үшін "Тобыл" командасы "Шахтер" - "Тараз" кездесуінің жеңімпазымен сарапқа салады, (бірінші ойын 0:0).

1/2 финалдың бірінші ойындары 6-7 қараша, ал қарымта – 20 қарашада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар