Қазақстан Кубогының иегері басқа чемпионатқа ауысты

Сурет: "Неман" ФК

33 жастағы белоруссиялық футболшы Иван Садовничий "Неманмен" келісімшартқа отырды. Бұл туралы гроднолық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Келісім маусым соңына дейін есептелген. 2014 жылы қорғаушы Қазақстан чемпионатында - "Тобыл", "Шахтер", "Жетісу" мен "Қайсар" ойнаған. 2019 жылы қызылордалық командамен ел Кубогын иеленген. 

Садовничий "Неман" сапында бұрын да ойнаған - 2013-2014 жылдар. Сонымен қоса, белоруссияда ол "Белкард" пен "Витебск" сапында өнер көрсеткен.

"Неман" өткен маусымда 16 команда арасында бесінші болды.