Қазақстан кубогы-2021: "Қайрат", "Астана" мен "Тобыл" ойындарына тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 10 шілде футболдан Қазақстанның Olimpbet кубогы бірінші турының төрт матчі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Қызыл-Жар СК" - ОРМБЖСМ №8 (18:00), "Жетісу" - "Қайрат" (18:00), "Тараз" - "Тобыл" (20:00), "Қайсар" - "Астана" (22:00) командалары ойнайды.  Кейінгі үш ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қатар, барлық ойынды PFLK.TV арнасынан тамашалауға болады.

11 шілде "Ақтөбе" - "Ақжайық", "Каспий" - "Тұран", "Атырау" - "Мақтаарал" және "Ордабасы" - "Шахтер" ойындары өтеді. 

Метки:
Жаңалықтар