Қазақстан кубогінің үздік сұрмергені Өзбекстанның клубына ауысты
©"Ақжайық" ФК
Оралдың "Ақжайық" командасының грузиялық шабуылшысы Тома Табатадзе Өзбекстанның "Нефтчи" командасына ауысты, деп хабарлайды Olamsport.com порталы.
Оралдың "Ақжайық" командасының грузиялық шабуылшысы Тома Табатадзе Өзбекстанның "Нефтчи" командасына ауысты, деп хабарлайды Olamsport.com порталы.
31 жастағы Табатадзе өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетіп, 20 кездесуде 11 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Шабуылшы өткен маусымда Қазақстан кубогінде 9 ойын өткізіп, 8 гол салып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Ферғана қаласының намысын қорғайтын клубтың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Табатадзе бір жылдық келісімшарт жасаған.
Жарнама