Қазақстан Кубогінің плей-офф раундына тағы бір команда шықты

©Шахтер ФК

"Шахтер" сырт алаңда "Тұранды" ұтып Қазақстан Кубогінің плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Түркістандағы бесінші тур ойыны 0:2 есебімен аяқталды. Рохер Каньяс пенальтиден мүлт кетпесе, "кеншілердің" екінші голын Евгений Кобзарь салды.

Осы жеңісінің арқасында "Шахтер" 10 ұпай еншілеп, турнирдің плей-офф раундына жолдама алды. Ал төрт ұпайы бар "Тұран" болса әзірге үшінші орында қалды.

D тобында "Астананың" еншісінде 8 ұпай. Талдықорған қаласының басты командасы саналатын "Жетісу" ойыншыларында небәрі 2 ұпай бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар