"Ордабасы" клубы Қазақстан кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің жартылай финалында шымкенттіктер "Астананың" екінші құрамын ұтты.
Тартысты ойында алғаш болып қонақтар алға шықты. 22-минутта Диас Қанатқали автогол авторы атанса, араға 10 минут салып Владислав Прокопенко таразы басын теңестіре алды. Ал 39-минутта Прокопенко дубль авторы атанды. Тек кездесудің 65-минутында Луис Гедеш есепті қайта теңестірді. Матчтың 98-минутында Серж Ньюадзи оңтүстік қазақстандықтарға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 2:3.
Енді "Ордабасы" 12 қараша күні финалда "Ақжайықпен" кездеседі.