Футболдан Қазақстан Кубогінің ширек финалында "Қайсар" мен "Ордабасы" клубтары кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Ойынынң 56-минутында Всеволод Садовский қонақтарды есепте алға шығарды. Ал Амал Сейітов 75-минутта таразы басын теңестірді. Экстра-таймда да жиналған жанкүйер гол көре алмады.
Нәтижесінде пенальти сериясында шымкенттіктердің мерейі үстем болды. Қақпа бағанысанда тұрған Тимурбек Зәкіров екі рет сейв жасады.
Енді "Ордабасы" 19 қазан күні "Астанамен" Қазақстан Кубогінің жартылай финалы аясында кездеседі.