Қазақстан кубогі. "Ордабасы" қонақта "Атырауды" ірі есеппен ұтты

©Ордабасы ФК

Қазақстан кубогінің топтық кезеңінде "Ордабасы" қонақта "Атырауды" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Шымкенттіктер әр таймда екі голдан соқты. Алғашқы 45 минутта Луис Луис Энрике Гедеш пен Эльхан Астанаов ерекшеленсе, үзілістен кейін Максим Федин мен Муроджон Халматов есепті еселеді. Алаң иелері сапынан соңғы минуттарда Андрия Филипович қарсылас қақпасының саңылауын тапты. Қорытынды есеп 1:4.

Осы жеңісінің арқасында оңтүстік қазақстандық ұжым турнир кестесінде 6 ұпайы бар "Қайратпен" теңесіп, әзірге бірінші орынға шықты. Еске салайық, Қазақстан кубогінің топтық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен екі команда плей-офф раундына жолдама алады. А тобында "Ордабасы" мен "Қайраттан" бөлек, "Атырау" (3 ұпай) және "Ақсу" (0 ұпай) клубтары бар.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport