Қазақстан Кубогі. "Астана" мен "Ордабасы" жартылай финалда кездеседі

©Астана ФК

"Астана" клубы Қазақстан Кубогінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Өз алаңында "Мақтааралмен" кездескен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 90-минутында француз ойыншысы Килан Лебон жеңіс голының авторы атанды.

Енді 1/2  финал матчтары 19 қазанда өтеді. Срджан Благоевич шәкірттері "Ордабасымен" кездеседі. Ал турнирдің финалы қараша айының 12 жұлдызына жоспарланған.

Еске салайық, ішкі біріншілікте "Астана" екінші сатыда тұрса," Мақтаарал" турнир кестесінің түбіне жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport