Қазақстан Кубогі. "Астана" мен "Қайрат" өлім тобына түсті

©"Ақтөбе" ФК

Футболдан Қазақстан Кубогінің топтық кезеңіне арналған жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Топтық кезеңде 16 команда сынға түседі. Премьер-лигадан 14 клуб болса, қалған екеуі іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен "Жетісу" мен "Қайсар".

Турнирге қатысатын 16 команда төрт топқа бөлінген. Олардың арасында үздік шыққан 8 ұжым плей-офф раундына өтеді.

"А" тобы: "Ақсу", "Атырау", "Қайрат", "Ордабасы".

"В" тобы: "Қайсар", "Ақжайық", "Каспий", "Қызыл-Жар".

"С" тобы: "Ақтөбе", "Мақтаарал", "Тараз", "Тобыл".

"D" тобы: "Шахтер", "Тұран", "Жетісу", "Астана".

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: