Қазақстан командасы Македония мен Мальтаға қарсы ойынға құрамын жариялады

Сурет: ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов алдағы Солтүстік Македония мен Мальтаға қарсы ойындарға қатысатын футболшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚФФ сайты. 

Солтүстік Македониямен матч 4 маусым Скопьеде өтеді, ал 7 маусым Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта құрамасымен кездесу өтеді. 

Команда құрамы:

қақпашылар: Дмитрий Непогодов ("Астана"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Мұхамеджан Сейсен ("Тараз");

қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (бәрі "Тобылдан"), Олжас Керімжанов ("Тұран"), Еркін Тапалов ("Ақжайық"), Максат Тайкенов ("Каспий"), Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров ("Қызыл-Жар"), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп ("Қайрат");

жартылай қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат ("Астана"), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев ("Тобыл"), Владислав Васильев ("Энергетик-БГУ", Беларусь), Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы"), Бауыржан Байтана ("Тараз");

шабуылшылар: Роман Мұртазаев ("Астана"), Танат Нөсербаев ("Тұран"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Алексей Щеткин ("Ротор", Ресей).

қосалқы құрам:

қақпашылар: Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Игорь Шацкий ("Шахтер");

қорғаушылар: Темірлан Ерланов ("Ордабасы"), Тимур Рудосельский ("Қайсар"), Карам Султанов, Михаил Габышев ("Шахтер");

жартылай қорғаушылар: Максим Федин ("Ақтөбе"), Рамазан Оразов ("Чайка", Ресей);

шаубылшы: Абат Айымбетов ("Астана").

Метки: