Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ел футболындағы келісіліп өтетін ойындар жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ҚФФ басшысы Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан футболындағы келісілген ойындар мәселесін түсіндіріп өтті.
– Ермұхамед Мәуленнің мәлімдемелері туралы естіген жоқпын. Бірақ оған ешқандай қысым болған жоқ деп айта аламын. Ал келісілген матчтарға келсек, мұндай іспен айналысатын "Спорт Радар" деген ұйым бар. Сол ұйымның статистикасы бойынша Қазақстан әлемде келісілген матчтар саны бойынша төртінші орында тұр. ҚФФ бұл мәселемен белсенді түрде күресіп жатыр, сол себепті Ермұхамедтің сөзінде шындық бар. Қазіргі уақытта федерация бұл проблемамен күресті күшейтуде», – деді ҚФФ президенті.
Бұған дейін ҚФФ-да қызмет еткен спорт журналисі Ермұхамед Мәулен, қысымға ұшырағанын айтып, федерациядан кеткен болатын. Ол қазақстандық футболдағы бірқатар келеңсіздіктер мен сыбайлас жемқорлықты ашық сынға алған еді.