Қазақстан қатысып жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 кезеңіне шыққан барлық жұп анықталды
Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысатын барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысатын барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Топтық кезеңнен өтіп, 1/8 финалға Қазақстаннан бөлек бірден алты еуропалық команда шықты. Олар Испания, Португалия, Ресейдің футбол одағы, Сербия және Чехия.
Қазақстандықтар, португалиялықтар, ресейліктер мен испаниялықтар өз топтарында бразилиялықтар мен аргентиналықтар сияқты бірінші болды. Чехиялықтар екінші, сербиялықтар үшінші орындағы ең мықты команда болды. Ал әлем чемпионатын өткізіп жатқан алаң иелері - Литва құрамасы - плей-офф кезеңге шыға алмаған еуропалық жалғыз команда.
1/4 финалға жолдама үшін Қазақстан құрамасы Тайланд командасымен матч өткізеді. Бұл ойын 23 қыркүйекке белгіленген.
1/8 финалдағы өзге жұптар:
22 қыркүйек: Ресей - Вьетнам (Вильнюс)
22 қыркүйек: Венесуэла - Марокко (Каунас)
23 қыркүйек: Аргентина - Парагвай (Вильнюс)
23 қыркүйек: Бразилия - Жапония (Каунас)
24 қыркүйек: Өзбекстан - Иран (Вильнюс)
24 қыркүйек: Португалия - Сербия (Каунас)
24 қыркүйек: Испания - Чехия (Вильнюс)
Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан Коста-Риканы (6:1) және Литваны (3:0) ұтты, сондай-ақ, Венесуэламен тең түсті (1:1). Тайландты ұтса, Кака жаттықтыратын команда Өзбекстан - Иран жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Жарнама