Қазақстан қақпасына гол соға алмаған шабуылшы ЧЛ-де дубль жасады

©as-roma

Чемпиондар Лигасының D тобында "Шахтерді" қабылдаған "Интер" 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ал Эдин Джеко екі гол салды. Ол 61-минутта есепті ашса, араға алты минут салып дубль авторы атанды. Осылайша, бесінші турдан кейін италиялық команда 10 ұпай еншіледі. Украинаның "Шахтері" небәрі 1 ұпаймен төртінші орында.

Еске салайық, Эдин Джеко Босния және Герцеговина құрамасымен бірге Қазақстан ойыншыларына қарсы екі рет алаңға шығып гол соға алмаған еді. Қос ұжым ӘЧ-2022 іріктеу турнирінде бір топта болып, Талғат Маруаұлы шәкірттері 3 ұпаймен соңғы орынды иеленді. Босниялықтар болса 8 турда небәрі 7 ұпаймен турнирді төртінші орында аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: