"Бұл группадағы командалар бір деңгейде. Кез келген құрама басымдық танытуы мүмкін. Қазақстанның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары деп ойлаймын. Дегенмен ойңай болмайды, әсіресе Албаниямен. Алайда дұрыс дайындықпен келген жағдайда Қазақстан үшін бәрі сәтті болу керек", - дейді ресейлік бапкер.
Еске салайық, Қазақстанның ұлттық командасы С дивизионыныдағы төртінші топта Литва, Албания және Беларуссияға қарсы ойнайды. Матчтер күзде өтеді. Кездесулердің кестесмен мына жерде танысуға болады.